Полимерге ұқсас түрленулер.
ØПолимерге ұқсас түрленулер құрамына төмен молекулалық реагенттердің атомдары немесе атомдар тобы енуі мүмкін макромолекулалардың бүйірлік функционалды топтарының өзгеруіне апарып соғады, бірақ негізгі тізбектің құрылыс пен полимерлену дәрежесі өзгермейді. Бұл түрленулер полимерлерді химиялық модификациялауда іс жүзінде үлкен маңызға ие.
ØПолимерге ұқсас түрленулерге реакциялар механизміне байланысты жаңа функционалды бүйірлік топтар түзілуі, циклдену өтуі, циклдердің ашылуы, әртүрлі күрделілеу түрленулер жүруі мүмкін. Жаңа функционалды топтар түзетін полимерге ұқсас түрленулерге іс жүзінде полимерлену дәрежесі өзгермейтін сілтілі ортада поливинилацетатты алкоголиздеп поливинил спиртін алу жатады.
ØРеакциялық ортада судың болуы алкоголизм реакциясын тежейді, поливинил спиртінің стабилизациясы мен жуылуын күрделендіреді.Сондықтан процесті абсолютті құрғақ спиртті ортада 0,2 – 0,4% күйдіргіш натрдың катализатор ретінде  қатысуымен жүргізу керек.
ØАлкоголизм   процесі гидролизбен бірге жүреді, себебі реакцияға күйдіргіш натрдың  теориялық қажетті есептеуден тек 10% жұмсалады.